image

Благотворительный фонд "Қасиетті жол"

Қ.Әбілдина сал аурынан емделіп шыққан 4 жасар қыздың тұсауын кесті

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина церебральді сал аурынан емделіп шыққан 4 жасар бүлдіршіннің тұсауын кесті. "Қасиетті жол"  балаларды сауықтыру орталығында бүгінде18 бала емделіп жатыр. Ал орталықта жарты жыл ем-дом қабылдап, сауығып шыққан қос балақайдың бүгін салтанатты түрде тұсауы  кесілді.  

Қарақат Әбілдина қаз-қаз басқан 4 жасар Аяулым дертінен құлан-таза айығып, әлі-ақ аттай шауып кетеді, деп сенеді. Әйгілі әнші ел жұртты қайырымдылық мақсаттағы шараларға көп болып қатысуға шақырды. 

Қарақат Әбілдина, әнші: 

Үмітмізді үзбеуіміз керек. Жақсылықтың боларына сенуіміз керек. Ең бастысы, жаратушы Алланың көзі түзі болып, шипасын берсін. Алған емдері бойларына дарып, аяқтарынан тұрып, шауып кетсе екен, деген үлкен тілегім бар. Бүгін Аяулым деген құлыншақтың тұсауын кесіп жатырыз. Қазақ ырымшыл халықпыз. Осы ниетімізді қабыл етсін. Барлық ақ тілектер періштенің құлағына шалынсын.  

Қасиетті жол" қайырымдылық қорының игі бастамасын «Цесна-Астық концерні» де қолдайды. Биылғы сәуір айынан бастап «Цесна» макарондарының сатылған әр қорабынан 1 теңге осы орталыққа бөлініп отырған. Бүгінге дейін 400 мың теңге аударылды. Ол қаражат екібастұздық Мансұрдың Астанаға келіп екі рет ем қабылдауына жұмсалған. Аталған компания өкілі бүгін 6 жасар Арнұрдың тұсауын кесті. 

Владимир Лихей, «Цесна-астық концерні» ЖШС бас директоры: 

Мұндай қорларда жұмыстың алға басуына қаражат керек. Еліміздің әр азаматы бір теңге болса да, үлес қосып, көмеккке мұқтаж жандарға қол созып отыр. Бұл көп қаражат емес, ал дертке шалдыққан бала үшін айтарлықтай көмек. 

Қайырымдылық акциясы әлі де жалғасады. Орталықтағы кішігірім тойға келген қонақтарға бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті.  

 Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ 

 

http://www.astanatv.kz/news/show/id/40066.html

Контакты

8 (7172) 70 28 68

+7 701 777 80 52

Задать вопрос

* - поля, обязательные к заполнению


Карта проезда

Авторизация пользователей

Ваш email *

Ваш пароль *

Забыли пароль?