image

Благотворительный фонд "Қасиетті жол"

Қарақат Әбiлдина сал ауруынан айығып келе жатқан 4 жасар қыздың тұсауын кестi (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанада «Қасиеттi жол» атты балаларды сауықтыру орталығында үлкен той десек болады. 

Себебi,  осы орталықта қалған 18 баламен бiрге үш ай ем қабылдаған алты жасар Арнұр мен 4 жастағы Аяулым сауықтыру шараларын сәттi аяқтап, аяқтарын басты. Балалар церебральді сал  (ДЦП) ауруына шалдыққан Арнұр мен Аяулым үшiн бұл алғашқы қадамдары материалдық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да арзанға түспегенi анық.

«Бiз үшiн ДЦП диагнозы бар әр баланың басын көтергенi, алақанын ашқаны, тәй-тәй басқаны - үлкен жеңiс. Бiр сәйкестiктi айтайын, орталығымыз ендi ашылған кезде сауықтыру емдерiн қабылдап, ең бiрiншi аяғын басқан бала ол Аяулымның сыңары,  төрт жастағы Арайлым деген қыз бала едi. Мiне, арада 1,5 жыл өткен соң Арайлымның артынан сыңары Аяулым ерiп отыр», - дейдi «Қасиеттi жол» қорына қарасты Балаларды оңалту орталығының директоры Айнұр Нұрқожаева.

Тағы бiр атап өтерлiк жаңалық, «Қасиеттi жол» қайырымдылық қоры осы жылдың сәуiр айында «Цесна-Астық» Концерны» ЖШС-мен бiрлесе отырып, сал ауруына шалдыққан балаларға көмектесу үшiн арнайы акцияны қолға алған. Акция шарты бойынша, сыртында «Балаларға денсаулық сыйлайық» атты  жазуы бар 400 грамдық «Цесна» макорондарының әрбiр сатылған қорабынан 1 теңге  қайырымдылық қорға аударылып отырады. Сәуiр айынан берi осы акция аясында жиналған  400 мың теңге Екiбастұз қаласында тұратын бес жасар Мансұрдың Астанаға келiп, екi рет ем алуына және жатып-тұруына жұмсалған. Яғни, төрт жүз мың қазақстандық бар болғаны бiр дана макарон сатып алып, осындай үлкен сауапты iске үлес қосқан.

«Бүгiн балаларды оңалту орталығында үлкен игi шараның куәсi болып тұрмын. Қаракөз балаларымыздың алған емдерi қабыл болып, аяқтарын басып жатқаны қатты қуантып тұр. Дегенмен, жүректiң өксiп тұрғаны да жасырын емес. Себебi, сал ауруына шалдыққан балаларды қоғам әлi де болса шеттетiп жататын жағдайлар кездеседi. Бiрақ, олар да ақыл-санасы бар, жүрегi бар балалар, тек денсаулықтары сау болмағаны болмаса. Сондықтан, бiздiң музыкалық мектеп қандай концерт өткiзбесе де, осы балалар мен ата-аналарына бiрiншi қатардан орын беремiз. Мен бұл балаларды денi сау басқа балалардан бөлiп-жарып қарамаймын, себебi әрбiр бала бақытты болуға лайық»,-дейдi 4 жастағы Аяулымның тұсауын кескен әншi Қарақат Әбiлдина.

Қазақтың салтын сақтап, ала жiп пен қайшыны қолына алған  «Цесна-Астық» концерн» ЖШС-ның Бас директоры Владимир Лихей Арнұрдың тұсауын кесiп, күнделiктi тiрлiкте құны бiлiнбейтiн 1 теңге жазылып кетуден үмiтiн үзбеген балаларға көп көмектесетiнiн айтты.

Ал «Қасиеттi жол» сауықтыру орталығында үш айлық ем қабылдаған кезектi 20 баланың тобы қонақтар мен БАҚ өкiлдерi үшiн концерт қойып, ата-аналарымен бiрге өнерлерiн көрсеттi.

ttp://www.kazinform.kz/kaz/article/2807296

Контакты

8 (7172) 70 28 68

+7 701 777 80 52

Задать вопрос

* - поля, обязательные к заполнению


Карта проезда

Авторизация пользователей

Ваш email *

Ваш пароль *

Забыли пароль?