Помочь
img

«Қасиетті жол» оңалту орталығында 600-ге жуық бала тегін ем қабылдады

01.06.2016
«Қасиетті жол» оңалту орталығында 600-ге жуық бала тегін ем қабылдады.

Астанадағы «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан 600-ге жуық бала тегін емделді. Екі жыл бұрын ашылған орталықта қазірдің өзінде 70-тен астам бүлдіршін алғашқы қадамын жасады. Аталған қордың еліміздегі балалар үйлерін ашылған 9 оңалту бөлімшесі бар. Енді қайырымды жандар 14 өңірде де сауықтыру бөлімшесін ашуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, елімізде 13 мыңнан астам бала сал ауруына шалдыққан. Оларды емдеу мақсатында осыдан 5 жыл бұрын «Қасиетті жол» қоры құрылған болатын. Динара Закиева, «Қасиетті жол» қорының тең құрылтайшысы: - 2015 жылы сал аурына шалдыққан балалардың 20%-ы ғана оңалту шарасынан өтті. Ал қалғандары кезегі келгенше жылдап күтуге тура келеді. Себебі еліміздегі медициналық мекемелер небәрі 732 адамға ғана тегін көмек көрсете алады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда сал аурына 3 мыңнан астам бала шалдыққан. Оның тек 110-ы ғана тегін сауықтыру шарасынан өте алады. Қазір біз Шымкент қаласында оңалту орталығын ашу үшін Samruk-Кazyna Trust компаниясымен және қалалық әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Біз бизнес қауымдастықтар мен барлық қазақстандықтарды бұл қайырымдылық жобасына атсалысуға шақырамыз.