Помочь
img

«#ҚазақстанЖақсылықЖолында» қайырымдылық жоба бойынша сенсорлық бөлменің ашылуы (ВИДЕО)

14.04.2017

Астана қаласында «Қасиетті Жол»  Қоғамдық Қайырымдылық Қорында аталмыш жоба аясында сенсорлық бөлменің тұсаукесері өтті.

Бұл күні №2 Қалалық балалар ауруханасында арнайы жабдықтармен қамтылған бөлмеде сал ауруымен және басқа ми ақауларына шалдыққан балалар түрлі стимуляторлармен ойнау арқылы жұмыс жасайды. Осындай жаттығулар нәтижесінде бүлдіршіндердің сезім мүшелері, ұсақ моторикасы, көру, есту, терімен сезу қабілетері дами түседі.Балалар қауіпсіз және қолайлы ортада отырып, мамандардың көмегімен қоршаған ортаны зерттеп тани алады.

Мұндай бөлмені жабдықтауда «Ambassadors Spouses Astana» Дипломатиялық клубы өткізетін жыл сайынғы жаңа жылдық қамқорлық базары мен   "Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы" ЖШС ("САТР") бірлесе отырып жалпы алғанда 1 781 000 мөлшердегі қаражатты «Қасиеттi жол» қорына аударды.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан және балалар үйінің нейроортопедиялық патологиялары бар балалары бізідң сенсорлық бөлменің кішкентай қонақтары болады. Енді сенсорлық бөлмеге кішкентай келушілер «Алмұрт» деп аталатын арнайы пуфиктерге жатып, музыкалық орындықта отырып, қабілетерін құммен сурет салуға арналған жарықтандырылған үстелде дамыта отырып тағы басқа қызықты да пайдалы жаттығулар жасай алады.